
Әуезов даңғылын қайта жарақтау барысында жол бойында өсетін тағы 10 ересек ағаш отырғызылады.
Мердігер «Атырауинжстрой» ЖШС «Школа» автобус аялдамасының кірме «қалтасының» құрылысына және осы ауданда орналасқан екі медициналық емхананың, банктердің бірінің филиалы мен шағын және орта бизнес нысандарына келушілерге арналған автотұраққа кедергі келтіретін 10 ағашты көшіріп жатыр.

- Жобаны жүзеге асыру аясында бүкіл ағашты сақтап қалуға тырысамыз, бірақ кейбір учаскелерде жолды кеңейту өте қажет. Көшірілген ағаштар бақылауға алынады, егер тамыр алмай қалса, өтемдік отырғызу шарты бойынша мердігер олардың әрқайсысының орнына 5 жаңа ағаш отырғызуға міндеттенеді, - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Әуезов даңғылын қайта жарақтау жұмыстары сәуірдің аяғында басталды, жобаға 3 миллиард 227 миллион теңге бөлінді.
Фархат ӘБІЛОВ
В Атырау 0