Атырау, 11 қазан 17:24
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

«Араланған жоқ, қырқылды. Ағаш үшін осы жақсы»

Сурет
2 739 просмотра

 

Әлеуметтік желіде бұрын «Молекула» тұрған айналманың жанында өсіп тұрған талдарды аралап тастағаны туралы ақпарат пайда болды. Алайда, қалалық ТКШ бөлімінде ағаштардың тірі екенін, жай қырқылғанын растады. 

- Кез-келген өсімдікке күн мен су қажет, сондықтан ағаш діңін өскіндер мен қураған бұтақтардан арылтып үнемі ағаштарды қырқып отырамыз, сонда сыртқы түрі де жақсарады, - дейді қалалық ТКШ. - Ағаштардың жерүсті бөлігіне күтім жасау бойынша негізгі шаралардың бірі – ағаштың ұшар басын қырқу, оны мамандар қырқады. Ағаш қырқудың үш түрі бар – пішіндеу, санитариялық және жасартатын. Біз санитариялық және пішіндеп қырқуды жүзеге асырамыз. Азаттық бойында өсетін үйеңкі, шегіршін, терек пен тал қатты қырқылғаннан кейін жас өркендер шыға бастайды, содан кейін азғана қырқылады. Нәтижесінде, қаңқалық бұтақтар біркелкі орналасып, ағаш діңі тегіс болады.

Алайда, кейбір қала тұрғындары мұндай әдістер ағаштар үшін зиянды деп санайды. Айтпақшы, бұл пікірталас бірнеше жылдан бері жалғасып келеді.

- Мұндай «өңдеуден» кейін ағаштардың толық қалпына келетініне ешкім кепілдік бермейді. Жыл сайын осылай болады, бірақ мен олардың керемет өсетінін немесе әдемі боп кеткенін көрген емеспін. Ал кейбіреулері тіптен өліп қалады, - дейді жергілікті тұрғын Елена Федорова. 

Фархат ӘБІЛОВ 

Әлеуметтік желіден алынған сурет 

7 маусым 2021, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.