
Маусымның 5-нен 6-сына қараған түні қала маңындағы Еркінқала ауылында 12 жастағы екі бала жоғалып кетті. Оларды түнімен іздеп, бағына орай, таңертең тапты.
Бұл бір жағынан күлкілі жағдай болып шықты: үйлеріне кеш оралған балалар іздеу тобын көргенде қорқып, жасырынып қалған.
- 102 пультіне қоңырау түн ортасында түсті. Балаларды біздің қызметкерлер, сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен еріктілер іздестіре бастады. Балалар табыла салысымен оларды дереу ата-анасына тапсырды, - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жалпы, бұл өзекті мәселеге айналуда: жыл басынан бері полицияға балалардың жоғалғаны туралы 26 хабарлама келіп түскен – бәрі де аман-сау табылды. Әдетте, жасөспірімдер ата-аналарына ескертпестен, Жайыққа шомылуға немесе жай серуендеуге шығады, кеш түскенде үйлеріне оралмай, алаңдаған ата-аналар полицияға қоңырау шалады.
- Жақында ғана осындай оқиға болды. 10 және 14 жастағы екі жасөспірім ата-анасына айтпай, өзенге кетіп, кешке дейін сол жерде болған. Анасы балаларының қайда екенін білмей, полицияға жүгінді. Іздестіру барысында балалар Жайық жағасынан аман-сау табылып, отбасына тапсырылды, - деп хабарлады ПД. Шамасы, бұл отбасылық қарым-қатынасқа байланысты мәселе болса керек...
Фархат ӘБІЛОВ
В Атырау -4