Атырау, 11 қазан 17:26
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

«Бекiре-2021» акциясы аяқталды

3 986 просмотра

1 сәуірден бастап Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында өтіп жатқан «Бекіре-2021» балық қорғау акциясы аяқталды.

Акцияның екі айында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары құқық қорғау, табиғат қорғау органдарының және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, табиғат қорғау заңнамасы бұзылған 1262 фактіні анықтады. Нәтижесінде 862 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, браконьерлік фактілері бойынша 56 қылмыстық іс қозғалды. Заң бұзушыларға жалпы сомасы 15 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

- Заңсыз айналымнан 35,7 тонна балық (оның 4 тонна 612 келісі бекіре), 908 балық аулау құралы, 23 автомобиль және 95 су көлігі тәркіленді, - деп хабарлады Атырау облыстық аумақтық жануарлар дүниесі инспекциясы. - Өзен арнасы мен теңіз айдынын күн сайын сүзу нәтижесінде су қоймаларынан 3035 ау құралы шығарылды.

Акция кезінде Атырау тұрғынының ауласынан бір тоннаға жуық қызыл балық табылды.

Фархат ӘБІЛОВ

3 маусым 2021, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.