Атырау, 14 қаңтар 12:53
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Масаның әлегі

4 042 рет қаралды

Құлсары қаласында маса облыс орталығына қарағанда тіптен көбейген. Олар әсіресе көппәтерлі үйлер салынған ықшамаудандарда бой бермей кеткен.

- Негізгі себептердің бірі – су басқан жертөлелер. Іңір басталса, үй ішінен масахана құрып әуреміз. Неге дезинфекция жүргізілмейтінін білмейміз, - дейді жергілікті тұрғындар шағымданып. 

Құлсары қаласы әкімінің орынбасары Қадыржан АДИНОВ былай деп жауап берді:

- Құлсары қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің дәліздері мен жертөлелеріне масаға қарсы дезинфекциялық жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу порталы арқылы "Дезинфекция" Ақтөбе облыстық бірлестігі жеке медициналық мекемесімен келісім шарт жасақталды. Бұған 4 млн 592 мың теңге қаралды. Бүгінде 1, 2, 3, 5 ықшамаудандардағы көппәтерлі үйлердің дәліздері мен жертөлелерінде улау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

3 маусым 2021, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.