Атырау, 11 қазан 17:27
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Дина Нұрпейісова атындағы академиялық оркестр жаңа ғимаратқа көшеді

4 457 просмотра

Атырауда бұрынғы Неке сарайының ғимараты концерт залына қайта жөнделіп, Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестріне беріледі.

Қазір «Әсем Жоба Құрылыс» ЖШС жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуде. 

Оркестрдің директоры Сағынтай КӨПЖАСАРОВТЫҢ айтуынша, жоба бойынша жаңа ғимаратта 200 орындық көрермендер залы және 80 өнерпаз сиятындай сахнасы жасалмақ. Салыстырмалы түрде, Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармонияның залына 150 көрермен, сахнасына 50 адам сыяды.

Қазір оркестрдің әкімшілік бөлімі Ғ.Сланов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ғимаратында қызмет атқаруда. Ал, шығармашылық құрам Балықшыдағы облыстық халық шығармашылығы орталығының сахнасында дайындалып, концерттік бағдарламасын сонда ұсынып жүр. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор 

2 маусым 2021, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.