
Атыраудың 85 жастағы тұрғыны Иван ЧЕБЫШЕВ 12 мың Қырым болгарларымен бірге отбасын туған жерден күштеп шығарып, арнайы қонысқа, соның ішінде Қазақстанға қоныс аударып жібергенде 8 жаста еді. Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КМК ұйымдастырған конференцияда Қырымнан жер аударылған халықтың тағдыры және жалпы саяси қуғын-сүргін туралы айтылды.

- 1944 жылдың шілдесінде жүк вагондарымен қажып жеткен болгарларды Қазақстан аумағына әкелді. Біздің отбасымыз (анам, мен және екі қарындасым) Құлсарыға келдік. Өте қиын болды, сол кезде көмек қолын созған қарапайым қазақтарға әлі күнге дейін алғысым шексіз. Мұндай нәрсе ұмытылмайды... Содан соң біртіндеп қоныстана бастадық, бір жылдан кейін бізді Махамбет ауданына көшірді, біз онда егістікпен, қарбыз өсірумен айналыстық. 1949 жылы Гурьевке көшіп келдік. Кейіннен мұнай өңдеу зауытында жұмыс істедім. Ал менің еңбек жолымның көп бөлігі химия зауытымен байланысты. Ол жерде 45 жыл жұмыс істедім, сол жерден зейнетке шықтым, - деп сыр шертті И.Чебышев конференцияда. Жер аударылған халықтың басқа өкілдері де өз естеліктерімен бөлісті.
Белгілі тарихшы, этнограф Өтепберген ӘЛІМГЕРЕЕВ:
- Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады және олардың көпшілігі репрессия жылдары осы жерге қоныстандырылды. Бұл жерден олар екінші отанын тапты.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА
«Қоғамдық келісім» ұсынған суреттер
В Атырау +1