Атырау, 6 желтоқсан 10:16
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Протасевич ұшқан рейстегі жауап алу сәті жарияланды

2 745 рет қаралды

Беларусьтің ОНТ телеарнасы 23 мамырда Минск әуежайында Ryanair рейсінен шығарылған NEXTA Telegram-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевичтен жауап алу сәтінің үзіндісін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сейсенбіде, 1 маусымда телеарна Boeing 737 жолаушылар ұшағының жоспардан тыс қонуы туралы тергеу фильмін көрсетті.

"Біздің журналистер оқиғаға қатысты тергеу жүргізді, 2 маусымда ОНТ эфирінде кешкі сағат тоғызда ұшуды талдаймыз", - делінді телеарнада.

Жарияланған кадрларда Протасевич оған ор қазылғанын айтады.

"Маған ор қазылғанына сенімдімін. Себебі мен мұны еш жерде айтқам жоқ, бірақ айтқан бойда бірден Минскіден шықтым!"- дейді ол.
2 маусым 2021, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.