
Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны көбейгені байқалады – бір тәулікте 82 адам анықталды, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Оның ішінде Атырау қаласында 49 жағдай расталды, скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 4 жағдай анықталды.
Инфекция аудан тұрғындарынан да анықталып жатыр. Жылыой ауданында 18 науқас, Қызылқоға ауданында - 4, Құрманғазы және Махамбет аудандарында бір-бірден тіркелді.
Коронавирус инфекциясы бар 45 науқастың бойында аурудың белгісі байқалады, ал 37 адамда еш белгі жоқ.
Соңғы тәулікте өңірімізде коронавирустан 17 адамы сауығып шықты. Қазір 620 адам үйден, 129-ы модульді ауруханада, 110-ы екінші облыстық ауруханада, 31-і фтизиопульмонологиялық орталықта, 103-і аудандық жұқпалы аурулар ауруханаларында, 68-і Теңіз кен орнындағы жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Инфекцияның таралуы қарқыны бойынша Атырау облысы «сары» аймақта орналасқан.
В Атырау +1