Атырау, 11 қазан 17:28
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Индербордағы «Арбат» не күйде?

Сурет
4 883 просмотра

Индербор кентінде 2020 жылдың желтоқсанында 306 млн теңгеге «Арбат» құрылысы аяқталды. Аудан орталығындағы көрнекі орынның күйі қандай?

Бас мердігер - ақтаулық «ОңдасынСтрой» ЖШС екі жылға кепілдік мерзім берді. Алайда демалыс орнының қазіргі кейпі көңіл көншітерліктей емес. Атап айтқанда, бұрқақ жұмыс істемейді.

- Мен осы демалыс орнын салғанда қосалқы мердігер маманы ретінде басынан аяғына дейін болдым, - дейді қосалқы мердігер «ТМКА» ЖШСнің учаске бастығы Марат ҒҰМАРОВ. – Қазір мердігерді, болмаса Арбатты балансқа алған кент әкімдігін кіналау дұрыс емес. Құрылыс сапалы жүрді.

Құрғақ су бұрқағын іске қосқанда 400-ге жуық адам жиналды. Өкінішке орай, кейбір ата-аналар тарапынан жауапкершілік болмауынан балалар құрғақ су бұрқағының шамдарына тас лақтырып, велисопедпен үстінен жүріп бүлдіріп, ақыры істен шығарып тынды. Мұны біз қайта жасаймыз, ал олар тағы бүлдіреді.

«Тас кешу», Абайдың қара сөзі жазылған, басқа да композициялық бейнелердің үстіне шығып жүргендер де бар. Бұл не бассыздық, мәдениетілікке жата ма? Неге ата-аналар балаларын тәртіпке шақырмайды. Телеграмм-каналға «Әкімдік қайда қарап отыр, мердігер жұмысты дұрыс жасамай кетті» деп жазуда. Мердігер жөндеуді жүргізіп, толыққанды түрде тапсырып кеткен жоқ па еді.

- Арбатты ретке келтіру үшін қосымша қаржы қаралып жатыр ма?

- Кіреберістегі арка, басқа да композициялық бейнелерді қайтадан өз күшімізбен сырлап жатырмыз. Өзім осы ауданның тұрғыны болғандықтан, қалай еткенде бұл демалыс орнын тұрғындарға жайлы болу жағын қарастырып келемін.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

1 маусым 2021, 23:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.