Атырау, 21 желтоқсан 15:09
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

Сурет
3 805 просмотра
Фото: vk.com/atysport

Таразда қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған Қазақстан кубогы өтті. Атырау облысының спортшылары 2 алтын және 1 қола алқаны қанжығасына байлады.

Алтынға әйелдер - Хамария Әмірғалиева (48 келіге дейін) және Саида Қапсалықова (77 келіден жоғары) иеленді. 66 келіге дейінгі салмақта қола жүлдені Нұрболат Ізімғалиев алды.

 

* * * * *

Нұр-Сұлтанда киокушинкай каратэ бойынша ҚР Біріккен чемпионаты өтті. Оған 4 негізгі киокушинкай федерациясының үздік жауынгерлері жиналды. Турнирге 400-ден астам спортшы қатысты, көрермен болған жоқ.

Атырау құрамасының қоржынына 3 алтын, 3 күміс және 2 қола алқа салынды. Ирина Тарабрина, Ибрагим Аян және Глеб Повстянко ел чемпионы атанды, күміс алқаны Елемес Нұржан, Марат Мұхаммед және Гүлнұр Халмұратова, қола алқаны Сандуғаш Күлмесханова мен Аружан Абдрахманова иеленді.

 

* * * * *

Қарағандыда жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында Номад ММА бойынша ел чемпионаты өтті. Бапкер Азамат Оразғалиев бастаған Атырау облысының құрамасы 5 алтын, 5 күміс және 3 қола алқамен жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болды.

Самира Леспаева, Бейбарыс Жолдасбеков, Аманқос Расул, Құлшарап Дүйсенғали және Мыңбай Жұмабек өз жас санаттары бойынша ел чемпионы атанды.

 

* * * * *

Түркістанда спорт ардагерлері арасында самбодан Қазақстан чемпионаты өтті.

Осындай турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы атыраулық Марал Көшенов бұл жолы да алтын алқа жеңіп алып, керемет нәтиже көрсетті.

 

* * * * *

Бакуде парадзюдодан Гран-при сериясының турнирі өтті. Токиодағы паралимпиадалық ойындарға қатысу үшін лицензиялық ұпайлар алу керек болатын. 38 елден жүзден астам спортшы өз бағын сынау үшін Әзірбайжанға келді.

Қазақстандық парадзюдошылар 3 қола алқа жеңіп алды: Аманжол Жанбота (97 келіге дейін), Зарина Байбатина (70 келіге дейін) және Әнуар Сариев (60 келіге дейін).

 

* * * * *

Нұр-Сұлтанда 2007-09 жылғы кадеттер арасында таэквондодан ҚР чемпионаты өтті. Атырау командасы 2 күміс және 4 қола алқа жеңіп алды.

Күміс алқаны Тамара Ғабдысаматова мен Ақжол Тәжібаев, қола алқаны Әдия Идашева, Илья Макпузов, Бақтыгерей Бекнұр және Орынғали Дәулет иеленді.

 

* * * * *

Фото: vk.com/atysport 

Шымкентте эстетикалық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өтті. Мұнда Атырау облысының жас спортшылары 2 күміс және 1 қола алқаға ие болды.

Күміс алқа – біздің "Визави" мен "Либерти" командаларының еншісіне бұйырды. Қола алқаны «Номад» командасы алды.

Эстетикалық гимнастика - бұл көркем гимнастика, би және акробатиканы біріктіретін синтетикалық спорт түрі.

 

* * * * *

Фото: vk.com/atysport

Атырауда өрт-құтқару спорты бойынша ел кубогы өтті.

Ұпай саны бойынша бірінші орынды турнир қожайындарының командасы иеленді.

 

* * * * *

Алматыда комбат джиу-джитсудан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті.

Атырау құрамасында жалғыз күміс алқа ауыр салмақты спортшы Өтепберген Аманбекке бұйырды. Вице-чемпионды Тыныс Бисалиев жаттықтырады.

 

* * * * *

Дене шынықтыруды дамыту орталығының қолдауымен «Атырау» ДСК-де мұғалімдердің облыстық спартакиадасы өтті. Педагогтар гандбол, футзал, үстел теннисі, баскетбол, волейбол және тоғызқұмалақ бойынша жарысқа қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша Құрманғазы ауданының командасы үздік атанды, Атырау қаласы екінші орынды, Жылыой ауданы үшінші орынды иеленді.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 маусым 2021, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.