Атырау, 29 наурыз 02:56
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Максималды қорғау және жоғары табыс

PR
16 627 просмотра


 «Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы тұрғын үй сатып алуға, балалардың білім алуына немесе тұрақты валютада келешек пассивті табысқа жинауға мүмкіндік беретін өнімді ұсынады. ZOLOTO NOMADOV Invest полисін сатып алу кезінде ұсынылатын инвестициялық бағыттар (қор индекстері) жоғары тарихи кірістілікке ие. Кірістілік әлемнің ең табысты корпорацияларының бағалы қағаздарына қаражатты инвестициялау есебінен қамтамасыз етіледі. Өмірді сақтандыру беретін сенімді табыс пен жеңілдіктер туралы «Nomad Life» ӨСК» АҚ Атырау қ. филиалының директоры Нүрлан Түлеуғожин айтып береді.

- Нүрлан Жалғасқали ұлы, ZOLOTO NOMADOV Invest инвестициялық сақтандыру бағдарламасы туралы айтып беріңізші.

- ZOLOTO NOMADOV Invest – бұл өмірді инвестициялық сақтандырудың ұзақ мерзімді бағдарламасы. Шетелде мұндай полистерді «unit-linked» деп атайды. Олар Еуропада кең таралған: Германияда UL барлық сақтандыру жарналарының үштен бірін, ал Англияда – шамамен жартысын береді. Қарапайым өмірді сақтандырудан инвестициялық сақтандырудың негізгі айырмашылығы – бұл біздің клиенттеріміздің инвестициялық стратегияны өздігінен таңдау мүмкіндігі, бұл ретте олар қаражатты салу тәуекелдерінің бір бөлігін өздеріне алады.   

Егер сіз америкалық немесе қытай қор нарығында болғыңыз келсе, шотты ашудың орнына сіз ZOLOTO NOMADOV Invest шартын жасайсыз және ол арқылы өз ақшаңызды инвестициялайсыз. Сақтандыру бұл жерде инвестициялар үшін қабықтың рөлін ғана ойнайды. Ал ақшаны біз сіз көрсеткен бағыттарға инвестициялаймыз. Жаһандық басқарушылар жоғары рейтингімен әлемнің ең ірі инвестициялық компаниялары болып табылады, олардың әрқайсысының басқаруында 3 трлн АҚШ долларынан асып түседі.

«ZOLOTO NOMADOV Invest»-тің инвестициялық портфеліне қосылған қаржылық құралдар жоғары тарихи кірістілікке ие, бұл егер сіз банк депозитінде жинағаннан, бірнеше есе көбірек табыс табуға мүмкіндік береді. Бұл ретте барлық инвестициялық тәуекелдерді клиент көтереді. Ал клиент қайтыс болған жағдайда, ол алдын-ала тағайындаған пайда алушылар сақтандыру төлемін толық көлемде плюс инвестициялық табысты алады.

 

01.05.2021 ж. индекстердің тарихи брутто-кірістілігі (АҚШ долларында):

 

5 жыл

Кірістілік, жылдық

10 жыл

Кірістілікжылдық

«АҚШ 500 ең ірі компаниясы»

17,30%

14,22%

«Қытай қор нарығы»

16,40%

7,18%

«Жоғары технологиялар»

27,13%

20,48%

«Денсаулық сақтау»

13,93%

15,33%

«Энергетика»

-1,18%

-1,10%

«Алтын өндіру»

8,04%

-4,07%

«АҚШ 100 ең ірі IPO компаниялары»

20,49%

18,21%

 

- Егер адамның жеке бизнесі немесе негізгі жұмысы болса және өздігінен инвестициялауға жеткілікті уақыты болмаса ше?

- Nomad Life өз бетінше инвестициялау жасауды ұсынбайды. Біз өз клиенттерімізге жеті инвестициялық стратегияны әзірледік: «АҚШ 500 ең ірі компаниясы», «АҚШ 100 ең ірі IPO компаниялары», «Қытай қор нарығы», «Жоғары технологиялар», «Денсаулық сақтау», «Энергетика», «Алтын өндіру». Инвестициялық портфельдерді құру кезінде біз ең алдымен қор индекстері кірістілігінің тарихи нәтижелеріне (біздің талдаушылар соңғы 3-15 жылға қағаздардың тарихын қадағалады) бағытталдық, сондай-ақ ең ірі шетелдік басқарушы компаниялардан қаржы құралдарын таңдадық.

Айта кетейін, біздің клиентіміздің әрбір жарнасы (сақтандыру сыйлықақысы) екі бөлікке бөлінеді: бір бөлігі өмірді жинақтаушы сақтандыруға пайдаланылады, ал екіншісі – инвестициялық, ол клиенттің таңдауына сәйкес қор нарығының жоғары табысты құралдарына орналастырылады.

 

- Өмірді жинақтаушы сақтандырудың дәстүрлі өнімімен салыстырғанда ZOLOTO NOMADOV Invest шартының талаптары анағұрлым түсінікті. Бұл дұрыс пікір ме?

- Иә, себебі сіз өзіңіздің қаражатыңыз қайда салынып жатқанын білесіз, және біздің сайтта жеке кабинет арқылы кез-келген уақытта және әлемнің кез-келген нүктесінен кірістің өсімін қадағалай аласыз және қалауыңыз бойынша стратегияны өзгерте аласыз. Мысалы, «АҚШ 500 ең ірі компаниясынан» «Жоғары технологияларға» немесе «Денсаулық сақтауға» ауысу.

- Бұл өнімнің тағы қандай артықшылықтары бар?

- ZOLOTO NOMADOV Invest-тің бірінші артықшылығы – стандартты сақтандыру қорғауы. Инвестициялаудың бірінші күнінен бастап клиенттің өмірі ол таңдаған сомаға сақтандырылған.

Екіншісі – полистің «ішінде» алынған табысқа салық салынбайды, себебі инвестициялар сақтандыру полисіне «қапталған».

Үшіншісі – өмірді сақтандыру полисі мүлік болып табылмайды, сол себепті оны үшінші тұлғалардың наразылықтары кезінде алуға болмайды (мысалы, кредитор бұл қаражатқа үміттене алмайды), оны ажырасу кезінде де бөлуге болмайды.

Төртіншісі – (мен жоғарыда айтқандай) біз инвестициялық бағыттардың үлкен таңдауын ұсынамыз.

 

- «ZOLOTO NOMADOV Invest»-ті рәсімдеу үшін қанша ең төмен сома қажет?

- Полисті 2000 доллар сомадан бастап сатып алуға болады. Инвестициялар сомасы сіздің ұзақ мерзімді мақсаттарыңызға сай келу керек. Біздің өнім қор нарығында соңғы тенденцияларды қадағалап отыруға уақыты жоқ және банк депозиттерінен едәуір жоғары табыс тапқысы келетін адамдарға арналған.

- Адамдардың ақшасы қаншалықты қорғалған? Біздің банктер соңғы уақытта жиі банкрот болуда.

- Сенімділік – өмірді сақтандыру компанияларын банктерден айыратын осы. Соңғылары неліктен таратылуда? Олар кейін қайтарылмайтын кредиттерді таратады. Сақтандырушылар жоғары инвестициялық рейтингілері бар, өте сенімді қағаздарға қаражатты инвестициялайды. Бұдан басқа, заңнама талаптарына сәйкес ZOLOTO NOMADOV Invest клиенттерінің активтері сақтандыру компаниясының активтерінен бөлек сақталады және есепке алынады. Бұл тәртіп адамдар үшін қаражаттың толық сақталуына кепілдік береді. Сонымен қатар, ZOLOTO NOMADOV Invest полистері иеленушілерінің барлық операцияларын, күмәнді мәмілелерді бұғаттауға құқығы бар, банк-кастодиан қадағалайды. Банк-кастодиан Сбербанк болып табылады.

 

- Полисті сатып алу үшін не істеу қажет?

- Сізге біздің www.zni.kz сайтында өтінім толтыру қажет немесе:  8 (7122) 55 80 45,  8 701 811 0804   нөмерлеріне қоңырау шалсаңыз болады.

 

2 маусым 2021, 09:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған