Атырау, 25 қараша 07:09
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытай басшысы Сирияға көмектесуге уәде берді

2 210 просмотра
Сурет: © Reuters

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Сирияға эпидемиямен күрес пен елдің экономикасын қалпына келтіру бойынша көмек көрсетуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz басылымы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚХР төрағасы Башар Асадқа Сирия президенті болып қайта сайлануына байланысты жолдаған жеделхатында мәлім етті. 

"Қытай Сирияның егемендігін, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қолдайды, COVID-19 эпидемиясына қарсы күресте, ел экономикасын жандандыруда және халықтың өмірін жақсартуда мүмкін болатын барлық көмекті көрсетеді, Қытай мен Сирияның ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеруге әрекет етеді", - делінген хабарламада.

Си Цзиньпин құттықтау жеделхатында Қытай мен Сирия бұрыннан достас мемлекеттер екенін, Сирия Қытаймен дипломатиялық қатынастар орнатқан алғашқы араб елдерінің бірі екенін айтты.

"Мен Қытай-Сирия қатынастарын дамытуға үлкен мән беремін және президент Асадпен бірге бұдан да үлкен жетістікке жету үшін Қытай-Сирия қатынасын алға жылжытуға дайынмын", - деді Қытай басшысы.

Сирияда 26 мамырда президент сайлауы өткен. 2000 жылдан бері Сирияның президенті болып қызмет етіп келе жатқан Асад 95,1 пайыз дауыс жинап, тағы да жеті жылға сайланған. Ішкі оппозиция кандидаты Махмуд Мерии 3,3 пайыз, социалистік партияның бұрынғы депутаты Абдалла Саллум Абдалла 1,5 пайыз дауыс жинаған.

1 маусым 2021, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.