Атырау, 11 қазан 17:32
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

«Жаңа желі іске қосылған соң су таситын көліктер азаяды»

4 139 просмотра
"АЖ" мұрағатынан алынған сурет

- Біздің Смағұлов көшесі 78 үйдің жанында түнде үнемі үлкен су таситын көліктер тұрады. Жүргізушілер қатты сөйлейді, музыка қосып, мазамызды алады. Таңертең асфальттан машина майының іздерін көреміз. Бұл қандай су тасушылар, олар неге үнемі біздің ауданға жиналады?

(Телефон арқылы)

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Атырауды көгалдандырумен айналысатын «Каспийдормостострой» ЖШС (КДМС) баспасөз қызметі жауап береді: «Көрсетілген ауданда Смағұлов көшесі - Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының мақұлдауымен КДМС ресми бөлген су алатын екі нүктенің бірі.

Өкінішке орай, Атыраудың көп ауданында суаратын құбыр жоқ, сондықтан жасыл желектерді суды өзеннен алатын су таситын көліктермен суаруға тура келеді. 28 мамырда сынақ режимінде Владимирский көшесінің бойында (облыстық ауруханадан Владимирский-Сатпаев қиылысына дейін созылған) суару құбыры қосылды. Жақын арада Азаттық даңғылы бойына («Шалқымадан» «Ақ Жайық» қонақ үйіне дейін) және кері «Молекуладан» Балықшыға дейін, сондай-ақ, Тайманов көшесінің бойымен (Ерік Мостовойдан бастап Орал жаққа қарай айналма жолға дейін) суару құбырын іске қосу жоспарланып отыр. Осылайша, осы суару желісін қосқаннан кейін су таситын көлік саны азаяды. Жүргізушілердің шулы әрекеттеріне келетін болсақ, олармен әңгіме жүргізіледі.

* * * 

Бұрын зейнеткерлікке шыққан кезде азаматтар өздерінің бүкіл зейнетақы жинақтарын алуға құқылы еді. Бастапқыда ол бір рет төлене бастаған сияқты, кейін бөліп төлей бастады. Биыл зейнеткерлікке шықтым. Есепшотымда 2 миллион теңгеге жуық жинағым бар. Маған ол баланы емдеу үшін өте қажет. Бірақ маған ақшамды беруден бас тартып, тіпті оның бір бөлігін алуға рұқсат бермей отыр. Не үшін?

БЖЗҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Қарлығаш ЖАНСАРИЕВА жауап береді:

- «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға сәйкес, зейнеткерлік жасына жеткенде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға жүгінген күні зейнетақы жинағының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса ғана бұл соманы ала аласыз. Бұл сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет төленеді. 2021 жылға арналған ең төменгі зейнетақы мөлшері 43 272 теңге болып белгіленді. Егер өтініш берген кезде алушының жеке зейнетақы шотындағы (бұдан әрі - ЖЗШ) сомасы 519 264,00 теңгеден (12x43 272 = 519264) аз болса, онда төлем бір рет төленеді (ЖЗШ-да бар сома шегінде). Егер жинақ көрсетілген сомадан асып кетсе, онда ақша зейнеткерге ай сайын бірдей үлесте төленеді.

БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері 01.01.2018 жылдан бастап ай сайын белгіленген кесте бойынша төленеді. Ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес есептелген 12-ші жылдық зейнетақы төлемінің бірі ретінде айқындалады. Сонымен бірге, 30.01.2021 жылы күшіне енген және 01.01.2021 бастап туындайтын қатынастарға қолданылатын ҚР Үкіметінің 01.06.2021 жылғы №1 қаулысына сәйкес, ай сайынғы зейнетақы төлемінің есептелген мөлшерін төлеу республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің кемінде 70% мөлшерінде жүзеге асырылады. 2021 жылға арналған ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңгені құрайды, демек, 2021 жылы ай сайынғы зейнетақы төлемі кем дегенде 24 011,40 теңге болады (70% х34 302 = 24 011,40).

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес, бірінші жылы жылдық сома 6,5% төлем мөлшерлемесіне көбейтілген зейнетақы жинақтары сомасынан құралады (зейнетақы жинағының сомасы x 6,5: 12 = бірінші жылдағы ай сайынғы төлем мөлшері). Кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері өткен жылға арналған ай сайынғы зейнетақы төлемін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне - 5% көбейту арқылы қайта есептелетін болады. Бұл жағдайда ай сайынғы зейнетақы төлемінің есептелген мөлшері тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің кемінде 70 пайызы мөлшерінде төленеді.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

31 мамыр 2021, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.