Атырау, 11 қазан 17:25
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Судан сақ бол

Сурет Бейнежазба
2 882 просмотра

Осынау ыстық күндері полиция мен құтқарушылар белгіленбеген жерде суға түсуге болмайтыны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үнемі рейд өткізіп тұрады. «АЖ» тілшісі де осындай рейдтің біріне шыққан еді.

Тәртіп бұзушылар көп қашықта емес екен: «Әлиев» көпірінің маңында бірнеше жасөспірім шомылып жүр. Полиция катерін көрген олар жағаға секіріп шығып, тездетіп қаша жөнелді. Бірақ оларды жағалауда басқа тәртіп сақшылары ұстап алды. Балаларға бұл жерде шомылуға тыйым салынғанын түсіндіріп, оларды босатып жіберді. Жасөспірімдер өздерінің құқық бұзғанын біліп, полициямен бетпе-бет келмеуге тырысты.

Атырау ықшам ауданында рейдке қатысушылар жағалаудың шетінен Жайық суларына ойлана көз тастаған әйелді көрді. Катермен жақындадған №1 ҚПБ учаскелік инспекторы Сәбит ЫСКАҚ пен құтқарушы-сүңгуір Мұхаммед ШОЛЕНОВ әйелге суға түспеу туралы кеңес беріп, әйел «жақсы» деп жауап беріп, кетіп қалды.

АМУ жанында бірнеше жігіт жүзіп жүрді. Полицияның катерін көріп, олар да қаша жөнелді, бірақ мегафоннан тоқтау туралы бұйрық берген соң кері оралды.

- Жаңа жағалауда құбыр жарылды, біз оны жөндеп, жұмыстан кейін кірімізді кетіру үшін жүзбек болдық, - деп ақталды шомылушылардың бірі.

- Бұл жердегі су түбі қауіпті, суға түсіп басыңды қатерге тігесің, - деді аға лейтенант Ысқақ. - Қазір біз сендерге ескерту жасап жатырмыз, келесі жолы Әкімшілік кодекстің 364-бабы бойынша хаттама толтырамыз, онда айыппұл қарастырылған.

- Күн ыссыда адамдар қауіпсіздік ережесін ескермей, су айдындарына шомыла бастайды. Кейде бұл қайғылы оқиғамен аяқталып жатады. Әсіресе, балалардың суда өліп жатқаны жаныңа батады, - дейді қалалық полиция басқармасының бастығы м.а. Ерлан БИҒАМБАЕВ. - Соңғы аптада 8 және 12 жастағы екі бала суға кетті. Жақында ер адам екі баласымен Жайыққа демалуға шыққан. 6 жасар бала жағадан суға құлап, суға бата бастаған. Әкесі дер кезінде әрекет етіп, оны судан шығарып үлгерді. ҚПБ Жедел басқару орталығының қызметкерлері оқиға орнына дереу патрульді жіберіп, әкесіне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оның өзінің де осындай стресстен соң «ақылы» кірген шығар.

Тәжірибелі құтқарушы-сүңгуір Тарас ИЗБУЛОВ адамдардың суда өлуіне басты себеп - мас күйде шомылу, өз күшін бағаламау, жүзе алмау, балаларды қараусыз қалдыру екенін айтты.

... «Белгіленбеген орындарға» қатысты бәрі түсінікті, ал «белгіленген» жерлер туралы не айтуға болады? Атырауда шомылу маусымы 15 маусымда ашылады. Осы уақытқа дейін қала басшылығы алты ресми жағажайды дайындауға уәде берді. Соның ішінде, «Атырау» ДСК жанында, Балықшыда, екеуі Жилгородокта. Бірақ бар болғаны екі апта қалды, ал ол жерлерде әлі жұмыс басталмаған.

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор 

31 мамыр 2021, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.