Атырау, 11 қазан 19:19
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Ресейдің Екатеринбург қаласында көшедегілерге оқ жаудырған ер адам ұсталды

2 083 просмотра

Екатеринбург қаласында көшедегілерге оқ жаудырған ер адам ұсталды. Осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Екатеринбургте баланы өлтіруге әрекеттенген және құқық қорғау органдарының қызметкеріне қауіп төндірген күдікті ұсталды. Бұл факті бойынша Ресейдің Свердлов облысындағы Тергеу комитетінің тергеу органдары РФ Қылмыстық кодексінің 3-бабы 30-бөлігі, 2-бабының 105-бөлігі және 317-бабы («Жас баланы өлтірмек болу; Құқық қорғау органдарының қызметкеріне қауіп төндіру») бойынша қылмыстық іс қозғады», – делінген Тергеу комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Облыстағы ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Валерий Горелых операцияның аяқталғанын айтты. «Ұсталған күдіктіден жауап алынады», – деді ол. Ер адамды ұстау үшін жарық және дыбыс гранатасы қолданылды. Қылмыскер қарсыласып, арнайы жасаққа қарай 10 рет оқ атқан. 

Барлық оқ броньды сауытқа тиді. Жасақ өкілдерінен ешкім зардап шеккен жоқ. Күдікті пәтеріне шабуыл жасалып, ол ұсталып полицияға тапсырылды. 

Еске сала кетсек, Ресейде жексенбі күні кешке бұрынғы полиция қызметкері тұрғын үйдің терезесінен көліктер мен өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырғаны туралы хабарланды. Ресей гвардиясының қызметкері, сондай-ақ бір бала жарақат алды.


31 мамыр 2021, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.