Атырау, 11 қазан 19:22
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Атырау облысында Сovid-19-бен ауырған 29 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

2 671 просмотра

Олардың жетеуі ӨЖЖ аппараттарына қосылған, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

31 мамыр күнгі мәлімет бойынша, таңертең Атырау облысының инфекциялық стационарларында 460 адам ем алуда, олардың жүктемесі 21,9%-ды құрайды (2098 төсек-орынға). Ал, жансақтау бөлімінде 29 адам емделуде, жүктеме 35,8% құрайды (81 төсек-орынға). ӨЖЖ аппараттарына 7 пациент қосылған. 

Атырау облысында пандемия басталғалы бері Covid-19-бен 24 135 адам ауырып, оның 22 891-інің денсаулығы қалпына келді, бұл сырқаттанғандардың 94,8%-ын құрайды. 2020 жылдың наурыз айынан бастап 1 миллионнан астам ПТР-тест өткізілді.

31 мамыр 2021, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.