Атырау, 11 қазан 19:26
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Атырауда бір тәулікте 49 адам COVID-19 жұқтырды

3 140 просмотра

Соңғы тәулікте Атырау облысында 49 адам Сovid-19 жұқтырды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атырау қаласында 31 адамнан расталып,  Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 7 науқас анықталды.

Сондай-ақ, Жылыой ауданында Covid-19  4 адамнан,  Индер ауданында - 3, Исатай ауданында - 1, Құрманғазы ауданында - 2, Махамбет ауданында 1 адамнан анықталды.

Коронавирус инфекциясы бар 14 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 35 адамда аурудың белгілері байқалмайды.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 19 адам емделіп шықты.

Қазір 594 адам үй жағдайында, модульді ауруханада 140, №2 облыстық ауруханада 106, фтизиопульманологиялық орталықта 29, аудандық инфекциялық стационарларда 114 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 71 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "сары" аймақта қалып отыр.

Екпе алу бойынша ақпарат

29 және 30 мамырдағы дерек бойынша, "Спутник V", "QAZVAC" және "Hayat-Vax" вакциналарының I компонентін 1294 жергілікті тұрғын алды.

2021 жылғы 1 ақпан мен 30 мамыр аралығында 55 475 адам "Спутник V", "QAZVAC" және "Hayat-Vax" вакциналарының I компонентімен егілді. Вакцинаның II компонентін 21 715 адам алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлығы 31 стационарлық және 10 жылжымалы вакцинация пункті жұмыс істейді. Спутник V вакцинасының II компоненті 31 мамырда келеді деп күтілуде. Егу пункттерінде қандай вакцина барын алдын ала 98 - 02 - 92 колл-орталықтың нөмірі бойынша білуге болады.

31 мамыр 2021, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.