Атырау, 11 қазан 19:19
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Жүк көлігінің жүргізушілері наразылық білдірді

Бейнежазба
2 760 просмотра

30 мамырда "Атырау-Ақтау" трассасының бойында, яғни Құлсары қаласына жақын маңда ауыр және жеңіл жүк көлік иелері қатысқан наразы топ автокөлік жолдарына биліктің енгізуге жоспарлаған төлемақының жоғары болуына келіспейтінін білдіруге жиналды.

-Өзіміздің есебіміз бойынша 1 шақырымға 37 теңге екен. Бұл сұмдық баға. Есептеп көріңіз, Алматыға дейін 100 мың теңгеден ақы төлеуіміз керек екен. Бұл тек бір бағыттағы ғана баға. Онда ол жұмысты жасаудың маңызы жоқ. Жолдардың сапасы сын көтермейді, жол жиегіндегі инфрақұрылым дамымаған. «Атырау-Құлсары» жолы істен шыққан, - деп шулады жүргізушілер. – Сонда не үшін төлеуіміз керек?

Жиналғандармен кездесуге келген Жылыой ауданы әкімі Халел ЖАМАЛОВ оларды сабырға шақыруға тырысты. Оның айтуынша, алдымен, жолдар қашаннан бастап ақылы болатыны нақты шешілген жоқ; екіншіден, ұсыныс, пікірлеріңіз болса айтыңыздар, бәрін билік ескеруге дайын екен.

Бұдан кейін өз әкімдігінде қабылдауда болған 5 жылыойлық азамат мынадай ұсыныс жолдады: 1. Республикалық маңызы бар жолда көлік жүргізушілеріне жағдай жасау (асхана, әжетхана және көлік тұрағы). 2. Жолға төленетін ақыны ҚР азаматына 1 шақырымына 5 теңгеден жоғары көтермеу (15 тоннадан жоғары салмақта). 3. Атырау облысында тұратын ауыр жүк таситын көлік жүргізушілерін облыс аумағында тегін жүргізу.

Ашулы ер азаматтарға жоғарыда айтылған ұсыныс-пікірлерді билік басындағыларға жеткізуге уәде берілді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

31 мамыр 2021, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.