Атырау, 22 желтоқсан 22:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

«Ресейден мұғалім шақырылған жоқ»

3 445 рет қаралды

Жаңа оқу жылынан бастап орыс тілді мамандардың жетіспеу мәселесін шешу үшін Атырау мектептеріне Ресей педагогтарын тарту жоспарланып отыр, ең алдымен Балықшыдағы Ломоносов атындағы мектептен бастайды деген қауесет тарады. Алайда облыстық білім беру басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Шынымен де жұмысқа жаңа педагогтар қабылданады, бірақ жергілікті мұғалімдерден.

Басқарма басшысының орынбасары Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВАНЫҢ айтуынша, атап айтқанда, Атырау мектептеріне Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің педагогика факультетінің 20 түлегі келеді.

- Олардың барлығы 4 жыл бұрын облыс әкімінің білім грантын иеленген және қазір Оралда оқуын аяқтап жатқан Атырау тұрғындары, - дейді А.Дүйсекенова. – Бұдан басқа, биыл облыс әкімі грантының 120 иегері Халел Досмұхамедов атындағы АМУ-ді бітіріп, өңіріміздегі мектептерге жолдама алады.

Айнұр САПАРОВА

30 мамыр 2021, 00:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.