Атырау, 11 қазан 19:19
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Атырауда салық ғимараты өртенді

3 384 просмотра

28 мамырда күндіз Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратында өрт шықты. Салық қызметкерлері мен келушілердің барлығын қауіпсіз жерге шығаруға тура келді.

Атырау облысы ТЖД «салық кеңсесінің» бас ғимаратына жалғасатын жапсарманың шатыры өртенгенін хабарлады. Өрт сөндірушілер өрттің негізгі ғимаратқа таралуына жол бермей, оны оқшаулап, сөндірді.

- Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 37 қызметкері, алты өрт сөндіру машинасы мен автьобаспалдақ жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ, - деп хабарлады ТЖД.

Өрт себептері анықталуда.

Фархат ӘБІЛОВ

29 мамыр 2021, 22:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.