Атырау, 11 қазан 19:26
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

«Ешкім мұғалімдерді вакциналауға мәжбүрлемейді, бірақ екпе алған жөн»

3 014 просмотра

«AЖ»-ға Атыраудағы мектептердің көпшілігінде дирекцияның мұғалімдерді COVID-19-ға қарсы вакцина алуға мәжбүрлейтіні туралы ақпарат түсті. Мысалы, негізінен шетелдіктердің балалары оқитын жекеменшік мектептердің бірінде педагогтарға олар вакцина алмаса, онда жаңа оқу жылында олар әр апта сайын өз қаражаты есебінен ақылы негізде ПТР тестін тапсыруы керегін хабардар еткен.

Біз комментарий алу үшін облыстық білім беру басқармасына жүгіндік. Басқарма басшысының орынбасары Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВАНЫҢ айтуынша, ақпарат шындыққа сай келмейді. Алайда «нюанстар» бар.

- Мектептерде ешкім ешкімді мәжбүрлемейді, бұл өтірік әңгіме. Бірақ мәселе бар. Жаңа оқу жылында біз алдыңғы оффлайн оқыту форматына көшуді жоспарлап отырмыз. Оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін вакцина қажет, - дейді А.Дүйсекенова. - Бірақ бұған әркім өз еркімен келуі керек, оның үстіне, денсаулық жағдайына байланысты қарсы көрсетілімдер болуы мүмкін. Ия, біз мектептерде вакциналаудың қажеттілігі туралы ақпараттық жұмыстар жүргізіп жатырмыз, бірақ мәжбүрлеу жоқ. Тек жазғы демалыс лагерьлерінде балалардың жанында болатын мұғалімдерден ПТР тестін талап етеміз.

Естеріңізге салсақ, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов республикалық педагогикалық кеңесте сөз сөйлеп, халықтың басым бөлігі, оның ішінде мұғалімдер вакцина алған жағдайда ғана дәстүрлі білім беру форматына қайта оралуға болатынын атап өтті. «Біздің білім беру жүйесі, оның ішінде балалар да келесі жылы қашықтықтан оқуға шыдамайды. Сондықтан бұл тығырықтан шығудың жалғыз жолы – вакцина алу және барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай болу», - деді БҒМ басшысы республикалық педагогикалық кеңесте.

Айнұр САПАРОВА

28 мамыр 2021, 13:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.