Атырау, 14 қаңтар 14:34
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Құлсары маңында қоқыс полигоны өртеніп жатыр?

Бейнежазба
3 814 рет қаралды

Жылыой ауданы Құлсары қаласының шет жағында орналасқан қоқыс полигоны өртенді. Бұған жергілікті тұрғындар алаңдаушылық білдіруде. 

- Міне, екінші күн өртеніп жатыр. Қалада демалатын ауа жоқ. Өз көзімізбен көруге келдік. Неге өшірмейді, бұл қай мекемеге қарасты? - дейді жергілікті тұрғындар «АЖ» тілшісіне хабарласып. 

Осыған орай Жылыой ауданының әкімі Халел ЖАМАЛОВҚА жолықтық. Іле-шала мынадай жауап келді: "24 мамырда сағат 22.00 шамасында  Құлсары қаласынан 8 шақырымдағы «Құлсары-Бейнеу» тас жолының маңында орналасқан қоқыс полигонының ішіндегі қоқыс қалдықтары өртенді. Аталған полигон "Жылыой тазалық" ЖШС-нің теңгерімінде. Құлсары қаласы әкімінің орынбасары өрт шыққан полигонға барып, жағдаймен танысып, "ЖылыойТазалық" ЖШС-не бірқатар тапсырма берді. Қазіргі таңда, ол жерде өртті жою жұмыстары жүргізілуде. Аталған жағдай Жылыой ауданы әкімдігінің бақылауында. Сондай-ақ, Атырау облыстық экология департаменті тексеріс жүргізуде.      

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

28 мамыр 2021, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.