Атырау, 11 қазан 17:28
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Су жоқ, бірақ әкімдер бәрін түсіндірді

3 522 просмотра

Махамбет ауданы Талдыкөл ауылының тұрғындары, бұл 220 үй, бір айдан бері  ауыз сусыз қалып отыр. Жергілікті билік органдарына шағымданғанымен, нәтиже жоқ.

- Қыстай сумызда кідіріс болмаған, ал қазір жүрмей қалды. Жазғы су тағы да жоқ, бақша қурап жатыр. Бұл қиындықтың болатынын біледі, неге алдын ала шарасын алмаған, - дейді жергілікті тұрғындар дегбірі қашып.

Бұл жайдан әкімдік те хабардар екен. Шара алып жатыр-мыс.

- Су тазарту қондырғысының қуаты тек 150 үйге арналған, сол себептен толық  қамти алмай отыр. Оның үстіне бақшаға, құрылысқа, басқа да қажеттіліктерге аз суды жаратуы жағдайды күрделендіріп жіберіп отыр. Ал жазғы суды қоса алмай жатырмыз, аннан-мыннан жарылып іске қосу мүмкін емес. Енді қосымша сусорғы қойып, жазғы суды іске қосуға жұмыстанып жатырмыз, - дейді Бейбарыс округінің әкімі Марат САРСЕНҒАЛИЕВ.

Махамбет ауданы әкімінің орынбасары  Зұлқарнай МҰҚАШТЫҢ айтуынша, аудандағы су тазарту қондырғыларын жергілікті кәсіпкерлер сумен қамтуға дәрменсіз болғасын бұдан екі жыл бұрын «АтырауСуАрнасы» КМК-ге сенімгерлік басқаруға беріледі дегенімен, ол аяқсыз қалды.

Басты сұрақ: су қайда?

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 маусым 2021, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.