Атырау, 11 қазан 19:25
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Атырауда өткен тәулікте 75 адамнан коронавирус анықталды

2 853 просмотра

Соңғы тәулікте Атырауда Covid-19 жұқтырудың 51 жағдайы расталды, скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 6 науқастан анықталды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

502 адам Сovid-19 және пневмониядан инфекциялық стационарларда ем алуда, 

Жылыой ауданында Covid-19 жұқтырған 10 адам, Индер ауданында - 1, Исатай ауданында - 3, Құрманғазы ауданында - 4 науқас анықталды. 
Коронавирустық инфекциясы бар 40 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 59 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта үй жағдайында 535
адам, модульдік ауруханада - 153, екінші облыстық ауруханада – 128, фтизиопульмонология орталықта – 44, аудандық инфекциялық стационарларда - 127 адам ем алуда. Сондай-ақ, Теңіз кен орнындағы жұқпалы аурулар стационарында-58 науқас ем қабылдауда.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы  бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта қалып отыр.

27 мамыр 2021, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.