Атырау, 25 қараша 06:56
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Лукашенко Протасевич отырған ұшақты қондыруға қатысты мәлімдеме жасады

3 394 просмотра

Ryanair ұшағында бомба бар деген хабарлама "Швейцариядан келген". Бұл туралы Александр Лукашенко мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Пул первого" Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Лукашенко оппозиционер Роман Протасевич отырған Ryanair ұшағын қондыру туралы мәлімдемесін Парламент және Конституциялық комиссияның мүшелерімен, Беларусьтің мемлекеттік басқару органдарының өкілдерімен кездесуде айтты.

"Ұшақ миналанғаны хабарлама Швейцариядан келді. Ұшақ БелАЭС маңына тоқтады. АЭС қауіпсіздік жүйелері толық жауынгерлік әзірлік режиміне ауыстырылса не болар еді? Беларусь егемен мемлекеттерге сай әрекет етті", - деді Лукашенко.

Оның айтуынша, арнайы қызметтер мұны жасауға мәжбүр болды.

"Біздің нысанда мина қаупі барда қалай әрекет етуіміз керек еді? Сіздер Беларусьте тұрғандықтан күнделікті мектептер, университеттер мен кәсіпорындарға "мина қойылатынын" білесіздер. Иә, IP-мекенжайы Польша, Литва және Латвиядағы ұшақтар да. Әр жағдайда біз алынған ақпаратқа дұрыс әрекет еттік", - деп жазылды Лукашенконың сөзі Telegram-арнада. 
26 мамыр 2021, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.