Атырау, 25 қараша 06:55
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Канада Беларуське санкция салушылар қатарына қосылмақ

2 765 просмотра

Латвиялық «Эйр Балтик» әуе компаниясы ертеңнен бастап Ригадан Минскіге ұшатын барлық рейстерді тоқтатады. Мұндай шешімді Латвияның Азаматтық авиация агенттігінің ресми ұсынысы бойынша ел үкіметі қабылдаған, деп хабарлайды 24.kz

Осылайша Рига мен Минск арасындағы 126 әуе рейсі әзірге қазан айының аяғына дейін ұшпайды. «Эйр Балтик» аталған бағыт бойынша жаз мезгілінде аптасына 3 рет рейс аттандыруды жоспарлаған еді. 

Алдын ала билет алған жолаушылардың ақшасы қайтарылады. Сондай-ақ Канада билігі де өз әуе компанияларын Беларусь арқылы ұшпауға шақырды. Осының алдында ресми Минск Оттавадағы елшілігін 1 қыркүйекте жабатынын мәлімдеген болатын.  

Джастин Трюдо, Канада премьер-министрі: - Беларусь режимінің іс-әрекеті заңсыз және мүлде орынсыз. Бұл демократияға және сөз бостандығына жасалған ашық шабуыл. Біз мұны айыптаймыз және Протасевичті тез арада босатуға шақырамыз. Сондай-ақ біз мұны азаматтық авиация қызметіне қауіпті араласу деп айыптаймыз. Канада Беларусьқа қарсы санкциялар легін жалғастырмақ.

26 мамыр 2021, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.