Атырау, 11 қазан 19:25
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Қызылқоғаның ұмыт қалған ауылдары

4 729 просмотра
"АЖ" мұрағатынан алынған сурет

Қызылқоға ауданындағы Кенбай, Былқылдақты, Соркөл, Тасқұдық, Сарқұмық, Қоңыраулы елді мекендерінде әлі күнге дейін ауыз су мен көгілдір отын жоқ. Ол жерде электрмен қамтуға қатысты да үнемі проблема туындайды.

- Билік басындағылар бізді ұмытып кеткен шығар. Жастар келешегін ойлап, анда-мында көшіп кетіп жатыр. Өркениеттен ада қалған жерде не істесін? Ертеңгі күні бұл елді мекендер құрып кетпей ме деп зәре жоқ, - дейді егде тартқан ауыл тұрғындары. Айтса айтқандай, қи жағып, суды құдықтан тасып, кім жүргісі келеді?

Ал аудан әкімдігі елді мекендердің жағдайы бара-бара түзеледі дейді.

- Осы ауылдың тұрғындары малмен күнелтіп отыр, көбі зейнет жасындағылар. Жастар тұрақтамайды, олар аудан орталығына немесе Атырауға кетіп жатыр. Ал біз бұл ауылдарды ұмытқан жоқпыз. Ең алдымен - көгілдір отын: қазір сметалық жоба жасақталған, газдендіруге 2 млрд 400 млн теңге бөлінетін болды. Газ тарту осы жылы басталып, 2022 аяқталады деп жоспарлап отырмыз, - дейді Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Айдулат КЕНЖЕБЕКОВ. - Ауыз су тарту мәселесі бойынша да жоба жасақталуда. Мұқыр, Жантерек, Кенбай ауылдарының тоқ жүйелері бұрын теміржолшылардың балансында болған. Енді соны қалыпқа келтіру үшін құжаттама дайындалуда. Бұл елді мекен жағдайлары біртіндеп шешілетін болады.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 мамыр 2021, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.