Атырау, 25 қараша 06:31
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өзбекстан ақырындап ағылшын тіліне көшуге дайындала бастады

2 333 просмотра

Өзбекстанда шет тілдерінде, тәулік бойы хабар тарататын теле және радиоарналар ашылады, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Күнде үш сағат шет тілдерін онлайн-оқу бағдарламаларына арналады.

Биыл 19 мамырда Өзбекстан президенті республикада шет тілдерін насихаттауды көздейтін жарлыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес, 207 жалпы білім беретін мектеп шет тілдерін үйрететін білім мекемелеріне айналады.

Бұған қоса, шет тілдері бойынша республикалық олимпиадаға қатысушылардың біліктілігі төрт әдіспен (аудитаспа тыңдау, оқу, жазбаша және ауызша) бағаланады.

2021 жылдың аяғына дейін жоғары оқу орындарында мұғалімдер мен студенттерге шет тілін үйрететін орталықтар (курстар) ашылады.

25 мамыр 2021, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.