Атырау, 11 қазан 19:24
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Бас имам: «Мешіттерді ауыл тұрғындарының өтінішімен демеушілер салады, олар шынымен де қажет»

4 288 просмотра
Атырау облысының бас имамы Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ

Атырау облысында демеушілік қаражатқа 25 мешіттің құрылысы басталады деген жаңалық «АЖ» оқырмандары арасында көп талқыға түсті. Бір тобы мешіт салынса, жастар иманды болып өседі десе, бірі одан да мектеп пен балабақша қажет дейді. Біз Атырау облысының бас имамы Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫНАН комментарий беруін өтінген едік.

Бас имамның айтуынша, біріншіден, мешіттерді жергілікті кәсіпкерлер ауыл тұрғындарының сұранысына сай, мешіті жоқ шалғай ауылдарға сый ретінде өз қаражатына салмақ.  

Екіншіден, халықтың орналасу тығыздығына шаққанда, Атырау өңірі басқа аймақтарға қарағанда мешіт саны ең аз өлке саналады. 174 ауылдық елді-мекеннің 19-да ғана мешіт бар.

Осы кезге дейін көп ауылдарда арнайы медресе бітірмеген адамдар жаназа шығарып келді немесе көрші ауылдардан имам шақыртады. Бұдан басқа, бас имам жаңа мешіттердің жанында асхана, дәрісхана және имам үйі болатынын хабарлады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

25 мамыр 2021, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.