Атырау, 11 қазан 19:18
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Сүңгуірлер шомылу маусымына әзірленіп жатыр. Оларға жұмыс аз болсын

2 807 просмотра

Шомылу маусымы қарсаңында Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жыл сайын мамыр айында құтқарушылар дайындығы мен жедел жасақ техникасын тексеру бойынша жоспарлы іс-шара өтеді.

ТЖД ақпараты бойынша, алдымен қызметкерлер жедел-құтқару жасағының базасында сынақ тапсырып, манекендерде алғашқы медициналық көмек көрсету әдісін пысықтайды. Содан соң шартты түрде суға батып бара жатқан адамды құтқару бойынша іс-әрекет жасайды. Осыдан кейін сүңгуірлер су қоймасының түбіне сүңгиді. Оның алдында медициналық тексеруден өтіп, қан қысымын тексертеді.

Шара аясында күнделікті үгіт-насихат жұмыстары да жүргізіледі, рейд өтеді.

Жыл басынан бері Атырау облысында 2 адам суға батып кетті, оның бірі - 9 жасар бала. Бірінші жағдай наурыз айында болды. 26 наурызда Жайық өзенінен соған дейін үш апта бұрын жоғалып кеткен 53 жастағы Тыныштық ОРАЗҒАЛИЕВТЫҢ денесі табылды. Туыстарының айтуынша, мәйіт балық аулау торына оралып қалған.

Екінші жағдай 26 сәуірде Құлсары қаласында болды: 9 жасар Бексұлтан БӨПЕЖАН Құрсай каналына батып кетті. Қоңырау түскеннен кейін сағат 20:35-те суға батқан баланы іздеуге сүңгуірлер жасағы жіберілді. Сүңгуірлер қараңғы түскенше іздеп, келесі күні таңертең де жұмыстарын жалғастырды. Мәйіт сағат 6:38-де табылды.

Ал 9 мамырда Ракушада мектептің әскери жетекшісі Мирамғали ДОСАНОВ тіршілік нышаны байқаламған 8 жасар баланы құтқарып үлгерді. Жайықта шомылып жүрген бала балық аулау торына ілініп қалған.

... Жүзу маусымы ресми түрде 15 маусымда ашылады. Төтенше жағдайлар департаменті су айдындарында демалу кезінде жүріп-тұру ережесі мен қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді, балаларға ерекше назар аударуға шақырады.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

25 мамыр 2021, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.