Атырау, 11 қазан 19:21
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Атырауда COVID-19 жағдайы күрт азайды

3 100 просмотра

Өткен тәулікте Атырау облысында 36 адам COVID-19 жұқтырды, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі (23 мамырдағы ахуал бойынша - 84). 

Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 23 жағдайы расталды, скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 7 науқас анықталды. 

Жылыой ауданында - 3, Индер, Құрманғазы және Махамбет аудандарында бір-бірден Covid-19 жұқтырғандар анықталды. 
Коронавирустық инфекциясы бар 16 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 46 адам емделді.

Қазіргі уақытта 499 адам үй жағдайында, 161 - модульді ауруханада, 123 – екінші облыстық ауруханада, 47 – фтизиопульмонологиялық орталықта, 130 - аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. 

Теңіз кен орнындағы жұқпалы аурулар стационарында 53 науқас емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта қалып отыр.

25 мамыр 2021, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.