Атырау, 11 қазан 19:18
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

«Сіздер, әкімдер, халықтың жағдайын жасай алмай отырсыздар!»

Бейнежазба
3 036 просмотра

Құлсары қаласының «Болашақ» ықшамауданының болашақ тұрғындары инженерлік инфрақұрылымның болмауынан өз қолымен тұрғызған үйлеріне көше алмай отыр. Иесіз тұрған үйлерді тонап кетушілер жиілеп кеткен. Шағымданушылар аудандық әкімдік ғимаратының алдына жиналды, кейін оларды мәжіліс залында кездесуге шақырды.

Құлсарыдан 3 шақырым қашықтықтағы «Болашақ» ықшамауданы 14 жыл бұрын пайда болды.

– Кезінде осы жерден мыңнан астам адам үй салуға жер алды. Олардың бірқатары газ, свет, жол салынғанын күтіп, құрылыс салуға әлі кірісе қойған жоқ, ал кейбірі үйлерін тұрғызып қойды. Отынға қи жағып отыр, өйткені газ жоқ, жарық тағы жоқ. Былтыр жылдың аяғына дейін ең болмаса газ мәселесі шешіледі деген, ол да жоқ, - дейді Райса СЕБЕКҚЫЗЫ.

– Бірнеше жылдан  бері үй жалдап, бес баламен пәтерден пәтерге көшіп жүрміз. "Болашаққа" газ бен свет жүргізгенше күтіп отырмыз. Халық көшіп бармайды дейсіздер, ол жақта дым жағдай жасалмаған ғой. Мектеп те жоқ. Сіздер, әкімдер, халықтың жағдайын жасай алмай отырсыздар, - дейді Ақтоты МҰРАТБАЕВА.

– Біз былтыр үй салдық, бірақ көшіп бара алмай отырмыз. Сол уақыт ішінде бірнеше үйді тонап кетті, құрылысқа қажетті құралдар мен материалдарды ұрлап жатыр, - дейді Камшат НҰРАСБЕКОВА.

Басқа шағымданушылар да өз ойларын айтты. Олардың бәрін тыңдап алған Жылыой ауданының әкімі Халел ЖАМАЛОВ көңіл көншітпейтін жауап қайтарды:

– Газ бойынша қазір құжаттама жасау мәселесі шешіліп жатыр. Енді инфрақұрылым болмай, баспана салуға жер телімі берілмейді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

25 мамыр 2021, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.