Атырау, 23 желтоқсан 02:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Жетпей қалған «сәлемдеме»

Сурет
3 530 рет қаралды

Атырауда техникалық жұмыстарды орындауға шақырылған маман ерлер түзеу колониясына іш киімге жасырылған Samsung ұялы телефоны мен сим-картаны алып өтпек болды. Бірақ рентген аппараты арқылы заңсыз «сәлемдеме» көрініп қалды.

Бұдан басқа, оның сөмкесінен құрал-саймандардың астына жасырылған тағы бір ұялы телефон мен насыбай салынған екі пакет табылды. 29 жастағы техник маманға қатысты толтырылған хаттама әкімшілік сотқа жолданды.

- Колонияға келушілердің барлығы алдымен рентген бақылауынан өтеді, содан кейін оларды мекеме қызметкерлері тексереді. Олардың заттары да дәл осылай тексеріледі, - дейді УГ-157/9 мекемесінің режим бөлімінің бастығы Ғалымжан ҚАЗЫБАЙ. - Осылайша, тыйым салынған заттарды мекеме аумағына жасырын түрде өткізуге жол берілмейді.

Фархат ӘБІЛОВ

ҚАЖД ұсынған суреттер

24 мамыр 2021, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.