Атырау, 5 мамыр 13:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Автобус басқан қыздың өлімі видеотіркегішке түсіп қалған

Бейнежазба
4 409 просмотра
Бейнежазбадан скриншот

Әлеуметтік желіде 26 жастағы қызды автобустың қағып кеткені түскен бейнежазба пайда болды. Естеріңізге салсақ, 23 мамырда сағат 20:20 шамасында Атырауда Привокзальный ықшамауданында №57 автобустың 49 жастағы жүргізушісі 26 жастағы қала тұрғынын қағып, ол сол жерде қаза болды.

- Тергеу әрекеттері барысында полиция қарсы жолақта тұрған көліктердің біріндегі видеотіркегіштің жазбасын алды. Онда қыздың бағдаршамның рұқсат етілген сигналы жанған кезде жаяу жүргіншілер өткелімен жолдан өтіп бара жатқаны анық көрінеді, - деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.

Автобус жүргізушісіне қатысты 345-баптың 3-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Тергелуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

24 мамыр 2021, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.