Атырау, 11 қазан 19:22
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

ҰБТ электронды форматта қалай өтеді

2 983 просмотра
"АЖ" мұрағатынан алынған сурет

Биыл бірінші рет түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуден электронды форматта өтеді. Атырауда ҰБТ тапсыратын үш пункт бар - Атырау мен Құлсары қалаларында және Құрманғазы аудан орталығында. 2500-ден астам талапкер мемлекеттік білім грантын алу үшін тестілеуден өтті.

Махамбет, Индер, Мақат, Қызылқоға және Исатай аудандарының түлектері ҰБТ тапсыру үшін облыс орталығына барады.

- Бұл жоғары оқу орындарына түсу емтихандары, ережеге сәйкес түлектердің тестілеу пункттеріне бару жолын ұйымдастыру қарастырылмаған. Бірақ біз мемлекеттік комиссияға, егер қажет болса, қалаға өз бетімен жете алмайтын балалардың бару жолын ұйымдастыруға болатынын ескерттік. Әзірге түлектерден мұндай өтініш түскен жоқ, - дейді білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА.

Тестілеу орталығында бізге ҰБТ-ның электронды форматының бірқатар ерекшелігі бар екенін айтты. Біріншіден, бұл бұрынғыдай 10 күн ішінде емес, әлдеқайда ұзағырақ өтеді. Тестілеу 15 сәуірде басталды және 30 маусымға дейін жалғасады. Компьютерлік тестілеуге өтініш Ұлттық тестілеу орталығына https://app.testcenter.kz сайтынан беріледі.

Тіркеу онлайн режимінде жүргізіледі, ешқандай құжат пен фотосурет қажет емес. Сайтта талапкер тестілеу пунктін, ҰБТ тапсыру күнін және өзіне ыңғайлы уақытты таңдайды. Екіншіден, өткен жылдардағыдан ерекшелігі, үміткердің екі рет грантқа түсуге және ең жоғары нәтиже бойынша гранттық конкурсқа қатысуға өтініш беруіне мүмкіндігі бар.

Егер талапкер алғашқы тестілеуден сәуір айында өткен болса, бірнеше күннен кейін немесе мамыр-маусым айларында ҰБТ тапсыруға мүмкіндігі болады. Тек сол күні қайта тестілеуден өтуге тыйым салынады. Үшіншіден, талапкер қағаз бетіндегі қатені түзете алмайтын, ал электронды форматта оның мұндай мүмкіндігі бар.

Тестілеуге қатысушылардың бәрі санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес алдын-ала дезинфекциядан өтеді. Бетпердені дұрыс тағуын бақылау және температураны өлшеу Face ID планшеті арқылы жүзеге асырылады. Тест тапсырушылар аудиторияға кіру және отыру кезінде әлеуметтік арақашықтық сақталады. Әрбір талапкер жеке компьютерде отырып ҰБТ тапсырмасын орындайды. Аудитория желдетіліп, дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Санитариялық нормаларға сәйкес ата-аналар мен мұғалімдерге тестілеу пунктінің аумағында болуға тыйым салынады, олар үшін аудиториядан бейнехабар таратылады.

Компьютер тестілеудің артықшылығы – оның нәтижесін емтихан аяқталған бойда білуге болады. Жиналған балл саны экранға шығады, талапкер қай сұраққа дұрыс жауап бере алмайтынын көреді.

Осыдан кейін талапкер компьютерден тұрмастан 30 минут ішінде сұрақ мазмұны мен техникалық жағдайға байланысты апелляция бере алады. Апелляция 30 күн ішінде қаралады және оның нәтижесі талапкердің жеке кабинетінде көрініп тұрады. Өкінішке орай, тестілеу ережесі бұзылған жағдайлар байқалды, ереже бұзғандар аудиториядан шығарылып, олардың тест нәтижесі күшін жойды. Тестілеу барысының бүкіл бейнежазбасы биыл 25 тамызға дейін қаралады. Егер ереже бұзылған басқа фактілер анықталса, ереже бұзғандардың нәтижесі де жойылады.

Биыл облыста 5786 түлек мектеп бітіреді, оның 288-і «Алтын белгіге» үміткер.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

24 мамыр 2021, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.