Италиялық Måneskin тобы Евровидение-2021 ән байқауында Zitti e buoni әнін орындап, бірінші орынды иеленді, деп хабарлады Sputnik РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Көрермендер дауысы мен қазылар алқасы ұпайының жалпы қорытындысы бойынша италиялықтар 524 балл жинап, сөзсіз жеңімпаз атанды. Олармен 25 елдің өнерпазы бақ сынады.
Måneskin рок тобының өкілдері дауыс беру нәтижесіне таңғалғанын жасырмады, олар көрермендерге алғысын білдірді.