Атырау, 11 қазан 21:32
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Каспий жағалауында қамыс әлі жанып жатыр

3 320 просмотра

Атырауда Каспий теңізінің жағалауында қамыстың жануын сөндіру жалғасуда, деп хабарлайды облыстық ТЖД.

- Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД қалалық өрт сөндіру бөлімшелерінен 7 арнайы бірлік автотехника жұмылдырылды, 35 қызметкер жеке өрт ошақтарын хлопушкалар, аспалы өрт сөндіргіштер және мотопомпалардың көмегімен сөндіруде. Теңіз жағалауы батпақты болғандықтан және өсімдіктердің тым биіктігі қамыс өртін сөндіруде қиындық туғызуда. Өрт жағдайына жерден және әуеден барлау арқылы мониторинг жүргізілуде. Үздіксіз байланыс орнату үшін өрт орнында КШМ орналастырылған., - деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өртенген аумақтың себебі мен ауданы анықталуда.

Еске салсақ, 19 мамырда қала маңындағы Тасқала ауылынан 40 шақырым жерде Каспий теңізінің жағалауында өрт тұтанған болатын.

22 мамыр 2021, 19:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.