Атырау, 11 қазан 21:33
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

​Ойын алаңдары: ақша жоқ, бірақ шыдаңыз -демеушілер көмектеседі

Сурет
3 844 просмотра

Атырау тұрғындары балалар ойын алаңдарының күйі кеткеніне жиі шағымданады. «АЖ» фейсбуктегі ірі қауымдастықтардан осы тақырып бойынша барлық ақпаратты сұрастыруды жөн көрді. Алғашқы екі сағаттың өзінде мекенжайы, суреті және видеосын жолдаған 600-ден астам комментарий түсті. Біз кейбір ықшамаудандарды өзіміз барып көріп келдік.  

Нұрсая, Авангард, Привокзальный, қаланың орталық бөлігі: кейбір ауладағы әткеншек, сырғанақ әжептәуір күйде, ал кейбір алаңда тозығы жеткен - сынған, оңып кеткен, жарылған, шынжырлары үзіліп, орындықтары сынған. Сынған әткеншектен қалған «турникті» адамдар кір кептіруге пайдаланады. Балалар төбешіктен немесе әткеншектен құлаған кезде жарақат алмас үшін соққы сіңіретін төсеніш еш жерде жоқ.

Айта кету керек, атыраулықтар балалар ойын алаңының мәселесін жиі көтереді. 

Қала әкімдігінен «АЖ» сауалына мынадай жауап келді: «2019-2020 жылдар аралығында әкімдік үйге іргелес аумақты абаттандыру мәселесі бойынша қала тұрғындарының көптеген өтінішін ескере отырып, абаттандыру бағдарламасы әзірленіп, тиісті жобалық-сметалық құжаттама жасалды.

Алайда, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға және сәйкесінше шектеулі бюджетке байланысты бұл бағдарламаны толық көлемде жүзеге асыру мүмкін емес. Туындаған қиындықтарға қарамастан, ауладағы алаңдарды абаттандыру бағдарламасын жүзеге асыру жеке компаниялардан демеушілік қаражат тарту арқылы жүзеге асырылуда. 

Өткен жылы қала аумағында 17 ойын алаңы (футбол алаңы, воркаут және балалар алаңы) орнатылды. Биыл жыл басынан бері толыққанды 2 спорт алаңы абаттандырылып, жұмыс істеп тұр. Жүзеге асырылған және жоспарланған жұмыс көлемінің бәрі демеушілік қолдаудың арқасында ғана орындалды. Туындаған қиындықтарға қарамастан, аталмыш жұмыстардың барлығы биыл жалғасын табады».

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

Суреттерді түсірген автор

22 мамыр 2021, 18:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.