Атырау, 11 қазан 21:30
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Маса шабуылға шықты

3 037 просмотра

Күн ыси бастағалы Атырауда маса тағы көбейді. Әсіресе, Лесхоз, Нұрсая, Ерік Мостовой аудандарында еркін жүру мүмкін емес.

Атырауда масаға дезинсекция жасау бойынша  конкурс жеңімпазы атанған «AG isinfection Services» ЖШС директорының орынбасары Нұрлыбек АХМЕДИЯРОВ олардың компаниясы су айдындарын, саябақ, ашық алаңдар, жертөлелерді, тұйық аудандағы үйлердің аумағын тұрақты, дәлірек айтқанда айына бір рет өңдеп жүр дейді. Оның айтуынша, бүкіл мәселе су толған жертөледе болып тұр.

- Қала әкімдігі иесіз үйлердің жертөлесін тазартқанымен, ылғал кеткен жоқ, оның үстіне су да қайтадан жиналып қалады. Ал ылғал жер - масаның көбейіп, тіршілік етуіне өте қолайлы, - дейді Н. Ахмедияров. Оның пікірінше, жертөлені түбегейлі кептірсе, қаладағы жағдай едәуір жақсарар еді. Мәселен, жақында Әуезов көшесіндегі №52 үйде терможаңғырту жүргізілді, қазір онда маса жоқ.

- Жалпы, қазір масаға қатысты жағдай бұрынғы жылдарға қарағанда әлдеқайда жақсарды, бұрын тіпті жеке үйдің ауласына адам шыға алмайтын еді, - дейді Н. Ахмедияров.

- Бұл әлі нағыз ыстық басталған жоқ, - дейді байырғы тұрғындар. Расында солай сияқты.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

22 мамыр 2021, 18:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.