Атырау, 11 қазан 21:26
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Құлсарыда түнде оқ атылды

3 668 просмотра

Әлеуметтік желіде түнде у-шуға толы бейнежазба пайда болды, ал 20 секундтық роликтің соңғы жағында атылған қарудың дыбысы естіледі. Бұл не болды екен? Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл Құлсары қаласында, «Иранбақ» кафесінің жанында болғанын - түн ортасында жасөспірімдер арасында жанжал туындағанын хабарлады.

Полиция олардың нешеу болғанын нақтыламады, бірақ олардың бәрі қала тұрғындары - жалпы білім беретін мектеп пен колледж студенттері екені белгілі.

- Келген полиция қызметкерлері оларды ұстап, участокке алып кетті. Түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың үйден тыс жерде болғаны үшін ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Жанжал кезінде ешкім зардап шеккен жоқ, - деді ПД.

Атысқа қатысты аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Оның барысында кім, неден және не үшін атқаны анықталмақ.

Айнұр САПАРОВА

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

21 мамыр 2021, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.