Атырау, 11 қазан 21:24
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Теңіз кенішіндегі күмәнді сөмкеден жарылғыш табылмады

Бейнежазба
3 618 просмотра

20 мамырда сағат 8:15 шамасында Теңіз кенішіндегі аялдамалардың бірінде қалған сөмке күмән тудырды. Қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылып, оқиға орнына саперлер келді.

- Оқиға орнында құқыққорғау органдарының қызметкерлері тиісті алгоритмке сәйкес әрекет етті. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аймақты қоршауға алды, -деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. - Арнаулы мамандар аялдамада күдік тудырған сөмкені тексерді. Сөмкенің ішіне жарылғыш немесе өзге де қауіп төндіретін заттар салынбағаны анықталды».

«AЖ»-ға белгілі болғандай, сөмкеде көкөніс пен жеміс болған.

Естеріңізге салсақ, бүгін Атырау облысында терроризмге қарсы жаттығулар өтіп жатыр. Оның мақсаты «терроризм актілерінің алдын алу, олардың салдарын барынша азайту және жою бойынша жұмыстарға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының дайындығын тексеру». 

Фархат ӘБІЛОВ

21 мамыр 2021, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.