Атырау, 25 қараша 06:24
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Францияда Николя Саркозиге қатысты жаңа сот ісі басталды

2 466 просмотра

Бұл жолы экс-президентке 2012 жылғы сайлауалды науқанды қаржыландыру ережесін бұзды деген айып тағылды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Сот отырысына келмеген Саркози өзін «тазамын» деп есептейді. Бұл бұрынғы мемлекет басшысының алғашқы сот отырысы емес. Биыл ол жемқорлық ісі бойынша айыпты деп танылған еді. Францияда сайлауалды іс-шараларға жұмсалатын қаржы қатаң шектеледі. Саркозидің партиясы 2012 жылы екінші мерзімге қайта сайлану науқанына 22 миллион 500 мың еуро ғана бөлуге құқылы болатын, алайда іс жүзінде бұдан 2 есе көп ақша жұмсаған. Заңға қайшы артық шығынның ізін жасыру үшін «Бигмалион» деген пиар-компанияны жалға алып, артық ақшаны «партия қызметіне жұмсадық» деп көрсеткен. Саркозиге осы алаяқтықты білді деген айып тағылған. Кінәсі дәлелденсе, ол 2 жылға түрмеге қамалып, 4 мың еуроға жуық айыппұл төлеуі мүмкін.

21 мамыр 2021, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.