Атырау, 11 қазан 21:25
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Оқиғалар тізбегі

Бейнежазба
3 096 просмотра

20 мамырда «Пәтер» республикалық жедел алдын-алу шарасы барысында пәтер тонаған 8 адам ұсталды, оның ішінде біреуі іздеуде жүрген еді. Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шара 22 мамырға дейін жалғасады. Мақсаты - пәтер тонауға қатысқан адамдарды анықтау және жауапқа тарту. Сонымен қатар, «Қауіпсіз аула» жобасы аясында ПИК-пен бірге көпқабатты үйлердің кіреберісіне бейнебақылау камерасын орнату жалғасады.

 

*****

16 мамырда сағат 19: 30-да Атырау қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығы қызметкерлері бірнеше баланың Жайық бойында рұқсат етілмеген жерде шомылып жүргенін байқады. Оның үстіне, суға түсу маусымы ресми әлі басталған жоқ. Жағада жақын жерде ересек адамдар болды. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың өкілдерімен профилактикалық бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескерту жасады.

ПД ұсынған бейнежазба


*****

Атырау облысында «Қауіпсіз жол» алдын алу шарасы кезінде 8 мас жүргізуші ұсталды. 438 жол ережесін бұзу фактісі анықталды, оның ішінде 124 жүргізуші жылдамдықты асырған, 75-і қауіпсіздік белбеуін бекітпеген, 34-і көлік басқарып келе жатып ұялы телефон қолданған.

 

*****

Жыл басынан бері Атырауда ит ұстау және серуендеу ережесін бұзғаны үшін 15 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, өткен аптада Атырау қаласының тұрғыны сауда орталығының маңында ірі итті тұмылдырықсыз серуендетіп жүрді. Полиция қызметкерлері иттің иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы («Ауылшаруашылығы жануарларын жаю ережесін, ит пен мысықтарды ұстау және серуендеу ережесін бұзу») бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сот оған 3 АЕК (8751 теңге) көлемінде айыппұл салды. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

20 мамыр 2021, 18:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.