Жақында Беларусьтің Барановичи қаласында Як-130 әскери ұшағы құлады, екі ұшқыш оқиға орнында қаза тапты. Ұшақ оқу-жаттығу ұшуын орындаған, әуе кемесінің апатқа ұшыраған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik.kz.
Беларусь президенті Александр Лукашенко Барановичидегі трагедия туралы айтты.
"Екі ұшқышымыз қаза болды. Қара жәшікті оқығаннан кейін олар шынымен де ерлік жасағанына көз жеткіздік", - деп келтірді Лукашенконың сөзін ел президентінің ресми сайты.
Трагедия алдында ұшқыштар ұшақты тұрғын үйлерден әрі әкетуге тырысып, соңғы сәтте төмен биіктікте катапульта жасады.
"Олар уақыт жоқ екенін түсінсе де, соңына дейін күресті. Ұшақ үйлердің үстіне құласа, қайғы-қасірет болатынын түсінді. Бүгінгінің екі батыры көз жұмды", - деді Лукашенко.
Айтуынша, ұшу барысында Як-130 ұшағының басқару жүйесінің түрлі деңгейлері бірінен кейін бірі істен шыққан.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.