Атырау, 11 қазан 21:27
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

​Мектептің әскери нұсқаушысы баланы аман алып қалды

2 902 просмотра

17 мамырда Төтенше жағдайлар департаменті Жайықта суға батып бара жатқан 8 жасар баланы құтқарған Ракуша ауылының тұрғыны Мейрамғали ДОСАНОВҚА құрмет көрсетті. Бұл рәсімге шексіз риза болған баланың ата-анасы да қатысты.

Біз құтқарушының өзімен сөйлескенбіз, ол болған жайды өзі баяндап берді.

«Бұл 9 мамырда күндізгі сағат үш шамасында Жайық жағасындағы Ракуша ауылында болды. Менің туысым осы жерге жақын маңда тұрады. Сол күні ол мені көлігін қарап беруге шақырды. Ал менің 13 жасар ұлым оларға бақша суаруға көмектесті. Кенет ол маған жүгіріп келіп: «Жағада бір бала жатыр, өліп қалған сияқты!» деп айқайлады. Мен дереу сол жерге жүгіріп барып, ауға оралып қалған баланы көрдім, қасында  10-11 жас шамасындағы екі бала айналып жүгіріп жүр. Олар Балауса ауылында тұратынын, мұнда суға шомылуға келгенде, жасы кіші досы балық аулау торына түсіп, суға бата бастағанын айтты. Олар оны тормен бірге судан шығарып алған екен.

Мен оның тамыр соғысын тексердім, ол демалмай жатты, көздері айналып кеткен. Баланың денесінен артық суды шығару үшін оны еңкейтіп едім, су аз шықты. Жүрегіне жанама массаж жасап және ауызынан жасанды тыныс алуға көмектестім. Бірден емес, бірақ аузынан және мұрнынан су шығып, ақыры тірлігін байқатты. Көп ұзамай оны алып кеткен жедел жәрдем дәрігерлері, егер мен уақытылы алғашқы медициналық көмек көрсетпегенімде, баланың тірі қалуы екіталай еді деді.

Бұл жерде менің алғашқы медициналық көмек беру негіздерін білетінім жақсы болды, өйткені мен көп жыл бойы Өтемісов атындағы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларына алғашқы әскери дайындықтан сабақ беремін. Ал оған дейін сол мектепте дене шынықтыру пәні мұғалімі болдым.

Қиын жағдайда оқиға орнынан табылып,  баланың өмірін сақтап қалған біздің кейіпкеріміз осындай батыр.

Аман қалған баланың ата-анасы Мейрамғали ДОСАНОВҚА алғыс білдірді

Айнұр САПАРОВА 

Суретті ТЖД жолдады

20 мамыр 2021, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.