Атырау, 11 қазан 21:33
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

​Теңіз жағасындағы қамыс өрті тікұшақпен сөндірілді

Сурет Бейнежазба
2 757 просмотра

19 мамырда күндіз Атырауда жағымсыз иіс сезілді. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі «AЖ» сауалына жауап берген жоқ, бірақ кеш бата олар бұқаралық ақпарат құралдарына жалпы хабарлама таратты: қала тұрғындарынан 112 нөміріне қоңырау көп түсті, содан кейін сағат 16-да өрт ошағына  «Қазавиаспас» АҚ филиалының МИ-8 тікұшағы ұшып шықты.

Өрт Каспий теңізінің жағалауында, қала маңындағы Тасқала ауылынан 40 шақырым жерде жанды. Айтпақшы, «АЖ» тілшісі 18 мамырда кешке Жанбай ауылының балық инспекторларымен бірге рейдтен ораларда, жолда келе жатып теңізден «Ақ Жайық» қорығы бағытына қарай түтін байқады.

Видеода теңіз жағалауынан солтүстікке қарай ақ түтін шығып жатқанын көруге болады. Күндіз кетіп бара жатқанда, мұндай көрініс болған жоқ.

ТЖД хабарламасына қайта оралайық: «Барлау кезінде батпақты жерде құрғақ шөп пен қамыс жанып жатқаны анықталды, өрт аумағы 32 гектарға жуық. Өрт сөндірушілер ол жерге жете алмады, сондықтан өртті тікұшақтан бірнеше рет су сеуіп,  сөндірді. Өрттің елді мекендерге және егістік алқаптарға таралуына жол бермеу үшін ауысым ұйымдастырып, 2 бірлік өрт сөндіру техникасы қойылды».

Айнұр САПАРОВА 

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор және ТЖД

20 мамыр 2021, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.