Атырау, 11 қазан 21:31
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

​Атырауда Covid-19 жұқтырғандар саны көбеюде

3 042 просмотра

523 адам Сovid-19 және пневмониядан инфекциялық стационарларда ем алуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте Атырау қаласында 30 адам Covid-19 жұқтырса, скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 6 науқастан қауіпті індет анықталды. 

Сондай-ақ, Жылыой ауданында 7 тұрғын, Индер және Исатай аудандарында бір жағдай, Мақат және Махамбет аудандарында екі адамнан коронавирус расталған.

Коронавирус инфекциясы бар 27 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 79 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 566 адам үй жағдайында, 156 модульдік ауруханада, 120  №2 облыстық ауруханада, 49 фтизиопульмонологиялық орталықта, 133 аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 65 науқас емделуде.

Коронавирус инфекциясының таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта қалып отыр.

Вакцинация туралы мәлімет

Атырауда бір тәулікте 603 тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алды

Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 
19 мамырдағы мәлімет бойынша, "Спутник V", "QAZVAC" және "Hayat-Vax" вакциналарының I компонентін 603 жергілікті тұрғын алды. Оның ішінде 53 медицина қызметкері, 27 педагог, 10 полиция қызметкері, 14 студент, 1 жабық мекеменің қызметкері, 21 құқық қорғау органдарының қызметкері, 7 мемлекеттік қызметкер, 2 созылмалы аурумен ауыратын адам, 468 жергілікті тұрғын бар. 
1 ақпан мен 20 мамыр арақлығында "Спутник V", "QAZVAC" және "Hayat-Vax" вакциналарының I компонентімен 46 959 адам вакцинацияланды. Вакциналардың II компонентімен 16 856 адам егілді.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлығы 31 стационарлық және 10 жылжымалы вакцинация пункті жұмыс істейді.


20 мамыр 2021, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.