Атырау, 11 қазан 21:30
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Жылда қайталанатын бір әуен

Бейнежазба
3 043 просмотра

Атырауда «Байзаар» сауда орталығының  жанына қаладағы алаң мен аллеяларда велосипед жалға беріп, ойыншықтар мен әткеншек орнатып, табыс тауып жүрген 30 шақты кәсіпкер жиналды. Олардың айтуынша, әкімдік пен полиция жыл сайын жұмыс жасауға кедергі келтіріп, арнайы орын белгілеп те бермейді.  

- Мен он жылдан бері қаладағы демалыс орындарында велосипед пен гироскутер жалға беріп, табыс табамын. Жыл сайын орын таба алмаймыз. Бізге ақшасын төлеп отыратын арнайы орын бөліп, заңдастырып беруді сұрағанбыз, бірақ әкімдік бұл мәселені шешпей отыр, тек тыйым салады. Біз секілді кәсіпкерлер еліміздің барлық қаласында бар. Тіпті, астанадағы Бәйтеректің алдында да отыр. Атырауда неге рұқсат бермейді? - дейді кәсіпкер Аман Жұмашов.  

Бір жылдары бұл кәсіпкерлерді әкімдік қаланың сыртына көшірген. Бірақ тірі жан бармай, табыссыз қалған. Ал өткен жылы қараусыз қалған «Мир фантазий» саябағын берген, оны кейін біреуге сатып жіберді. 

- Қаладағы «Мир фантазий» сабағынан орын береміз деп бәріміз бір апта жүріп тазаладық. Толықтай қоқыстан тазалап болғанда оны әкімдік шымкенттік бір кәсіпкерге сатып жіберді! Енді орталыққа шықсақ, әкімдік пен полиция қудалап, жұмыс жасатпайды, - дейді жеке кәсіпкер Күләнда СИСЕНБАЕВА

Ал Атырау әкімдігі арнайы орын беруге конкурс өткіземіз дейді.

- Біз бұл кәсіпкерлермен кездесіп, заңдылықтарды түсіндірдік. Заңға сәйкес оларға берілетін аймақтар бекітіліп, конкурсқа шығарылады, - дейді қала әкімінің орынбасары Ерболат ОМАРОВ

Бұл тек күн жылынғанда болатын  маусымдық кәсіп. Кәсіпкерлердің бәрі ойын құралдарын несиеге рәсімдеген. Биыл қалай болады? Әкімдікте де конкурстың нақты қанша уақыт алатынын айтпады. Ал бұл мәселе тез арада шешілмейтін болса, онда кәсіпкерлер тұрғындардың демалыс орындарына қайта ораламыз деп отыр.

Фархат ӘБІЛОВ

Бейнежазбаны түсірген автор

21 мамыр 2021, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.