Атырау, 11 қазан 21:28
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Күмән туғызбаған алаяқ

3 502 просмотра

Атырауда  «Talapker & Company» ЖШС-нің атқарушы басшысына қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша үкім шықты. Ол Теңіз кенішіне жұмысқа орналастырамын деп ақша алып, уәдесін орындамай, ақшаны да қайтармаған.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, алаяқ Т.К. Қызылорда облысының 39 жастағы тұрғыны. Ол Атырауда 60-қа жуық адамнан ақша алған. Бұдан бөлек алданғандардың қатарында  Қызылорда, Түркістан және Ақтөбе облысының тұрғындары бар. Алаяқ бас-аяғы 50 миллионнан астам теңгені қалтаға басқан. Алаяқтың әрекеті әдеттегі жағдайдан ерекше.

Тергеу қорытындысы анықтағандай, бастапқыда Т.К. Құлсары қаласынан кеңсе жалға алып, өзінің қылмыстық пиғылын жүзеге асыру үшін бірнеше қызметкерлерді жұмысқа алып, «клиент» табуды тапсырады. Жұмысқа орналастыру ақысы 150 мыңнан 450 мың теңгеге дейінгі аралықта. Бұл ретте, кейін анықталғандай, адамдар келісімшарт деп бос қағазға қол қойған.

Сот үкімімен Т.К. 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Айнұр САПАРОВА

20 мамыр 2021, 19:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.